Мектепте тамақтану

Санитарлық ережелер жүктеу

 

  

 

  

  

  

АҚСУ НЕГIЗГI МЕКТЕБIНДЕ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНIНДЕ ЖҮРГIЗIЛГЕН ЖҰМЫС ЕСЕБI

Мектепте жасөспiрiмдер күннiң үштен бiрiн өткiзедi, бұл ортада оқушылар арасында денсаулықты сақтау, тамақтану негiзi, асханадағы өзiн-өзi ұстау сияқты iс-шаралар жиi, нақты жүргiзiлiп тұруға тиiстi. Осыған байланысты бiздiң мектепте осындай тақырыпта жұмыс жүйелi түрде жүргiзiледi.

1. Ұстаздармен жұмыс.

Кезектi пед кеңесте мектеп оқушыларының тегiн тамақпен қамтамассыз ету жөнiнде ақапарат алмасып , көп балалы отбасы, жартылай жетiм, әлеуметтiк деңгейi төмен оқушылардың тiзiмi жасалып ,шешiм қабылданды. Оқу жылына денсаулықты сақтау, тамақтану жүйесi жайында оқу жоспарына кiрген iс-шаралар бекiтiлдi.

2. Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналармен байланыс орнату - барлық бастаулардың бастауы. Ата-ана жиналысында «Ұтымды тамақтану - денсаулық негiзi» атты тақырыптарда сауалнама , пiкiрталас – әңгiме, тренинг өткiзiлдi. Ата-аналарға бейнематериалдар көрсетiдi, талқыланды. 

3. Оқушылармен жұмыс

Оқушылар арасында дұрыс тамақтану жүйесiнiң бағыттары жоспар бойынша орындалдып,жүргiзедi. 5-9 сынып оқушыларының арасында «Мектептегi тамақтану» атты сауалнама жүргiзiлдi. «Мен салауатты өмiр салтын таңдаймын», «Ақылмен тамақтан», «Фаст-фуд — мен үшiн емес» тақырыптарында диктанттар мен байқаулар өткiзу; «Дұрыс тамақтану пирамидасы», «Дәрумендерге бай азық-түлiктер туралы не бiлемiн?», «Фаст-фуд — ағзаға пайдалы ма, зиян ба?» тақырыптарында интерактивтi оқыту шаралары, сондай-ақ дұрыс тамақтану, ыстық тамақтың маңыздылығы,тамақтану режимiн сақтау, балалардың бойында тамақтану мәдениетiн қалыптастыру мәселелерi бойынша жұмыстар жүйелi түрде жүргiзiлiп отырады.

Директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары:Карабаева Э.М.

Жаз–күз айларына арналған төрт апталық перспективалық ас мәзірі

Қыс-көктем айларына арналған төрт апталық перспективалық ас мәзірі

4 апталық ыстық тамақ мәзірі

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АҚСУ НЕГIЗГI МЕКТЕБIНДЕГI ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл - ой дамуын анықтайтын бағыттардың бiрi өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетiнi сөзсiз.Мектеп оқушыларының бойында салуатты өмiр салты негiздерiн қалыптастырумен айналысу қажеттiлiгi бiрқатар маңызды себептерге негiзделедi:

  • арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретiн нормалар мен ережелер жинағы ретiнде қалыптасады,
  • мектептегi кезең адам ағзасының даму ерекшелiктерi туралы, денсаулық сақтау мен даму әдiстерi және факторлары туралы негiзгi бiлiмдi қалыптастыру үшiн сезiмтал болып табылады.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргiзедi, оқушылар өздерiне қызмет көрсетуге және тамақтану орындарында өзiн ұстау мәдениетiне үйретедi.

Жеткiзiлетiн өнiмдердi кiрiсiн қадағалау, оларды өңдеу және пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнiм сапасын қабылдау кезiнде бақылау қамтамассыз етiледi.

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен 100% қамтамассыз етуге жағдай жасалған.

Әкiмшiлiк пен мұғалiмдердiң айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ бiлiм беру қоры есебiнен тегiн тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектепте тегiн тамақтанумен қамту 100% ата-аналар мен спонсырлық көмек есебiнен тамақтанады. Бiр реттiк ыстық тамақ құны 120 теңгенi құрайды. Мектептiң үлескiсiндегi көкенiстер есебiнен тамақтану құны осындай бағаны құрайды.

Мектепте тамақтануды ұйымдастыруда жүйелi жұмыс жүргiзiледi:

  • мектептегi пед кеңесте және қамқоршылық кеңесте тамақтануды ұйымдастыру бойынша сұрақтар қозғалып талқыланады;
  • ата-аналар жиналысында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттiлiгi түсiндiрiледi, тамақтану мәдениетiн қалыптастыру бойынша және салуатты өмiр салтын насихатау бойынша ақпраттық және тәрбие жұмыстары жүргiзiледi;
  • тамақтану үшiн сабақ арасында үзiлiстерi ұйымдастырылады;
  • биология мен технология пәндерi бойынша оқу бағдарламаның жоспарына тамақтану мәдениетi туралы сауалдар алынады;
  • мектептiң медициналық қызметкерi дәрiстер ұйымдастырылады;
  • денсуалық сақтау және дұрыс тамақтану бұрыштары жабдықталынған.

Асхана жұмысын бақылау үшiн мектепте тамақ сапасын бақылау комиссиясы құрылды, комиссия құрамына мектеп әкiмшiлiгi, медбике және ата-аналар комитетiнiң төрағасы кiрдi.

Күн сайын жеткiзiлген өнiмдердiң, дайындалған тамақтардың сапасы тексерiлiп, асхана жұмыскерлерiнiң денсаулығын бақылау журналы жүргiзiлген.

Мектепте бракераж журналы жүргiзiледi.

Тамақтану блогы түрi — асхана.

Отыратын орындар саны - 20 орындық.

Жұмыс iстеу режимi - 8.30-17.30

Әкiмшiлiк ұйымдастыруымен мұғалiмдер жүргiзетiн кезекшiлiк графигi бар.

Тамақтану блогiнiң санитарлық-техникалық жағдайы талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана бөлiгi жиналып, сенбi күндерi санитарлық жұмыстар жүргiзiледi. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады, қауiпсiздiк техникасы ережелерi сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде КТ бойынша нұсқамалар жүргiзiледi. Мектепте ауыз су режимiн ұйымдастыру аса маңызды мәселе.

Тағамдарды дұрыс сақтауға да баса назар аударылады. Соған орай түрлi тағамдарды сақтауға арнаған тоңазытқыш 1 камера, 1 арнайы газ плита орналастырыған, 1 пiсiру шкафы, құрғақ азық түлiк қоймасы, өндiрiстiк үстелдер, бөлшектеу тақтайшалар бар.

Жұмыскерлер саны — 2. Аспаз — Абиева Гульнара Жамабаловна арнайы бiлiмi бар 3 разрятты аспаз. Аспаз көмекшiсi — Наргужина Алмагүл Абилжановна, бiлiмi — орта.

Жұмыскерлерге арнайы киiм киуi мiндеттi болып табылады. Мектеп асханасы толықтай қажеттi ыдыстармен қамтамассыз етiлген. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық — гигиеналық нормаларды сақтай отыра жүргiзiледi.

Мектептегi жұмыс жасалған уақыт iшiнде асқазан-iшек жұқпасымен ауру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кiре берiсте қол жууға арналған арнайы орын бар.

Бiздiң асханамыздың негiзгi ерекшелiгi — жылулық сезiмi қалыптастырылған.

Мектептегi тамақтанудыруды ұйымдастыру жүйесiнiң мiндеттерi келесiдей:

  • оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • тағамының нәрлiгi мен үйлесiмдiлiгiн қадағалау;
  • оқушыларға салауатты өмiр салты ұстанымдарын үйрету;
  • жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмiр салтына қажеттiлiктi қалыптасытру;
  • тамақтану мәдетиетi мен өзiне — өзi қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру

Мектепте тамақтану

Мектепте тамақтану  

Ақсу негiзгi мектебiнiң 2019 жылғы қыс-көктем айларына 0-4, 5-11 сынып оқушыларына арналған төрт апталық перспективалық ас мәзiрi

Ақсу негiзгi мектебiнiң 2019-2020 жылғы жаз-күз айларына 0-4, 5-11 сынып оқушыларына арналған төрт апталық перспективалық ас мәзiрi

ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША

2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететiн демпингтiк бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тiкелей бақылау мүмкiндiгi болмауынан, мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнен алынды.

Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелерi әзiрлендi (БҒМ 31.10.2018ж№598 бұйрығы).

Оқушылардың сапалы және қауiпсiз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде бiлiктi қызметкерлерi бар (жұмыс тәжiрибесi, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлiк өндiрiсi, энергия үнемдегiш құрылғыларының болуы), қызметтi дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлерi қарастырылған.

2018 жылдан бастап азық-түлiктi дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi енгiзiлдi.

Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкiметтiк емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитетi, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкiлдерi кiредi.

Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнiмдердi қолдану үшiн жалға алушылардың азық-түлiк өндiрiсiнiң (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндiрушiлер тауарларын сатып алуы үшiн қосымша балл алады.

Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалыққасиеттерi, дайындау және технологиясы мен өндiрiстiк жағдайлары балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.

Келiсiмшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келiсiмшарт сот шешiмi бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).

2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. №320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.

Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.

2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бiрыңғай стандарттарын әзiрледi.

2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.

Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгiнгi күнi қызмет көрсетудi мектеп қызметкерлерi, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкiндiгi қарастырылған. Әрбiр мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етедi. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетi мүшелерi, қамқоршылық кеңесi кiредi.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.

Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.

Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.

Ақсу негізгі мектебінде ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі

Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны Соның ішінде тегін тамақтанатындар саны Демеушілік есебінен
35 16 16