Жазғы лагерь

Ақсу негізгі мектебі жанынан ұйымдастырылатын «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне шақырамыз!

Лагерь бағдарламасында:
🎨 қызықты ойындар
⚽ спорттық жарыстар
🎤 ән мен би кештері
🌿 табиғат аясындағы серуендер
📚 танымдық сағаттар
🎭 шығармашылық жұмыстар мен көңілді демалыс қарастырылған.

Балалардың жазғы демалысын қызықты, пайдалы әрі қауіпсіз өткізуге тамаша мүмкіндік!

📅 Өтетін уақыты: 10.00-14.00
📍 Өтетін орны: Ақсу негізгі мектебі

Баршаңызды жазғы лагерьге белсенді қатысуға шақырамыз! ☀️
#Адал_азамат_бір_тұтас_тәрбие
#БалдәуренЛагері
#ЖазғыДемалыс
#АқсуНегізгіМектебі
#ҚызықтыЖаз
#БалаларДемалысы

 

Күндізгі «Балдаурен» лагерьрінің қызметі туралы ережесі

Жалпы ережелер

 Осы Ереже күндізгі лагерьдің (бұдан әрі - лагерь) қызметін реттейді.

  • Лагерь жыл сайын жазғы ке- зеңде 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының базасын- да ашылады.
  • « » лагері өз қызметін Қазақстан Республикасының қол- даныстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады.
  • Мақсаты: белсенді демалы- сты ұйымдастыру, балалардың толыққанды демалуын, олардың шығармашылық дамуы мен са- уығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.
  • « » лагерінің міндеттері:
    • баланың бойында патриоттық сезімдерді, отбасына, үйіне, Отаны- на деген сүйіспеншілік пен құштар- лықты дамыту үшін жағдай жасау, балаларға өздерін  қазіргі қоғам өмірінің қатысушысы ретінде сезіну- ге мүмкіндік беру;
  • зорлық-зомбылық пен агрес- сияға және олардың кез келген түрдегі көріністеріне теріс көзқара- сты қалыптастыру, өзін-өзі, басқа адамдарды және олардың мәдени- етін құрметтеу және тану;
  • дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға қызығушылықты ояту, өз ден- саулығын нығайту қажеттілігін қа- лыптастыру;
  • балалардың интеллектуалды және танымдық қабілеттерін, ком- муникативті, қолданбалы дағдыла- рын және тәуелсіздігін дамыту;
  • балалар қызметін ұйымдасты- рудың әртүрлі нысандары арқылы балалардың жол-көлік жарақат- тануының және басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу;
  • жазғы кезеңде балалардың де- малысын ұйымдастыруда ата-ана- лардың сұраныстарын қанағаттан- дыру.


Мектеп жанындағы және мектептен тыс (күндіз болатын) жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру қағидалары