- Мектеп тарихы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Оқу бөлімі
- Жетістіктер
- Тәрбие жұмысы
- Біртұтас тәрбие
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- Даналық мектебі
- "Айгөлек" шағын орталығы
- Консультациялық пункт
- Кітапхана
- Сенім жәшігі
Хабарландыру!
Ақсу негізгі мектебінде
қамқоршылық кеңесін қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестері.
Ереженің 10 тармағына сәйкес:
орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;
6) Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
9-тармаққа сәйкес кандидаттар Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1)өтініш (еркін түрде);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 13 қазаннан -1 қараша аралығында.
- Білім беру ұйымының толық атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекемесі «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақсу негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Тұрғылықты адресі - Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, .Ақсу ауылы , Жеңіс көшесі№.7
- Мектьеп директорының м.а - Канапин Д.А
- Байланыс телефоны - +77713602026
- Электронды пошта адресі - aksu.mekteb@mail.ru
Қамқоршылар кеңесінің ақпараттық бұрышы
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы 2022-2023 оқу жылы
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні:19.08.2024ж
Қатысқандар:мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
- «Қамқоршылық кеңестің» төрағасын сайлау
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
- Тыңдалды: 1-мәселе
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директорының м.а Канапин Д.А сөз алып, жиналысқа қатысушыларды “Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік ,бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады . 2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді; 5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді; 7)Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
- Тыңдалды: 2-мәселе Сөйледі: Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрағасы .Наргиужин М.А Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды. Қамқоршылық кеңес төрағасы: Наргужин М.А 2. Смаилов Сайлау Айтпаевич, 3. Курмантасов Магжан Серкешович, 4. Ибраев Мажит Кенжебулатович, 5. Кокашев Асылбек Кайратович, 6. Сердалин Бакытжан Каскенович, 7. Саденов Арал Батаевич, 8. Абишев Орак Кажыгалиевич, 9. Жилкайдаров Асхат Саликович, 10. Хамзин Жумабек Балгожинович, 11. Мусин Ерболат Жоламанович қамқоршылық кеңестің мүшелері болып сайланды.
- сұрақ бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Курмантасова А.А сөз сөйледі. Өз сөзінде жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де ол оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, күн көріс деңгейі төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушаларды құрайтының айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық комиссия жұмыс жасайды
Шешімі:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Ақсу негізгі мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2.Қамқоршылық кеңес құрамына ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
3.Жоғарыда көрсетілген аз қамтамасыз етілген оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді қадағалау.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Наргужин М.А
Хатшы: Курмантасова А.А