- Мектеп тарихы
- Оқу бөлімі
- Кітапхана
- Шағын орталығы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Жетістіктер
- Рухани Жаңғыру
- Сенім жәшігі
- Тәрбие жұмысы
- Мектеп Парламенті
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Ақсу мектебiнiң тарихы
1947 жылдары Ақсу ауылды мекенiнде алғашқы болып бастауыш мектебi құрылды. Сұрапыл соғыс аяқталысымен елге оралған соғыс ардагерi Зұлқырнай атты ұстаз бала тәрбиесiне кiрiстi. Көптеген қиындықтар болды, дегенмен бала оқыту жұмысы тоқтамады.
1950-51 оқу жылы жаңа саманнан салынған, сегiз бөлмелi 7 жылдық мектептiң есiгiн әр түрлi жастағы балалар ашты. Алғашқы мектеп директоры болып Әбiлмажинов Ғазез деген ұстаз қалыс қалған әр түрлi жастағы үш ауылдың Ақсу, Жаңасу, Еңбек оқушыларын бiр сыныпқа жинады. Сондағы бесiншi сыныпта 22 бала болы. Мұғалiмдерi Есмағамбетов, Мұқанов дегендер болды. Бұл мектеп 1962 жылға дейiн қызмет еттi.
1953-54 оқу жылында алғаш рет жетi жылыдық мектеп түлектерi шықты.
1972 жылы қазiргi уақытқа дейiн қызмет етiп тұрған 8 жылдық мектеп ашылды. Мектептi Исмағұлов Есiм Есмағұлұлы басқарды.
1985 жылы Көкшетауда қайта дярлау курсын аяқтап Рахимжанов Қабиболла Рахимжанұлы директорлық қызметке орналасты. Өз қызметiн 2001 жылға дейiн атқарды. Осы кiсiмен иық тiрестiрiп қызмет атқарған Рахимжанова Айтжан Махметовна, Жылқайдарова Орал ЖақсыбаевнаКанапина Гүлнар Қайроллақызы.
Рахимжанова Айтжан Махметовна 1966 жылы 1 қыркүйекте Балуан негiзгi мектебiнде бiр жыл ұстаздық етiп, 1967 жылы Ақсу мектебiне ауысты. Зейнет демалысына 2002 жылы шықты. Марапаты: 1991 жылы «Старший учитель», 1993 жылы «Отличник образования Казахстана» дәрежесiн алды.
Жылқайдарова Орал Жақсыбаевна 1973 жылдан бастап 2005 жылы зейнет демалысына шықса да әлi де осы 2018 жылға дейiн мектепте қызмет атқарып келдi.
1985 жылы Ақсу мектебiнiң мектеп реформасын жақсартудағы iс-тәжiрибесi жайында жерлес жазушы Зейнел- Ғаби Иманбаев көлемдi очерк те жазған едi.
2001-2016 жылға дейiнгi уақытта мектептi Исмагулов Талғат Есiмұлы басқарды. Бұл жылдары қазiрде арамызда жоқ, қызмет етiп еңбек жолдарын адал, аброймен атқарған ұстаздар: Жылқайдаров Бейсембай Сәлiкұлы, Наргужин Марат Әлжанұлы, Жылқайдарова Венера Нығметжанқызы. Исмагулов Талғат Есiмұлы 2016 жылы зейнетке шықты. Осы кезден бастап Нургалиева Жамиля Есiмқызы мектеп директорының қызметiн атқарып келедi. Ұстаздар жайында айта кетсек Есимсеитова Ләззат Саттарқызы, Смаилова Лайла Қайыркенқызы, Абишева Айман Қасымқызы, Қарабаев Санат Жаңбырбайұлы, Карабаева Эльмира Миндикеевна, Кусаинова Сағыныш Бирликовна, Канапин Даулет Абайевич, Ақпаев Нұрсұлтан Ерқасымұлы, Какжанова Жанар Амангелдиновна, Кокашева Алуа Ерденовна, Ракишева Айгерiм Ерсайынқызы қызмет атқарып келедi. Небiр қилы оқиғаларды басынан өткiзген мектебiмiздiң әлi де тәрбие берген шәкiрттерi әр жерлерде абыройлы қызмет атқарып келедi.
2010 жылы мектеп жанынан «Айгөлек» шағын орталығы құрылды.
Қазiргi уақытта әдiскер болып: Садвокасова Гулмира Олжабайқызы, тәрбиешiлер қызметiн: Хамитова Асемгүл Амангелдиновна, Қылышбаева Земфира, тәрбиешi көмекшiлерi ретiнде: Канапина Тамара, Абиева Алия Акановна жұмыс iстеп келедi. Қазiргi уақытта 16 бүлдiршiн тәрбиеленiп келедi.
Мектептiң кiтапханасы өз деңгейiнде жұмыс атқарады. Кiтапханашы: Смаилова Ш.А.
Мектепте мұражай бұрышы 2018 жылы құрылды. Онда соғыс ардагерлерiне, Ауған соғыс ардагерлерiне, еңбек ардагерлерiне, ауылымыздың атақты адамы бұрышында Ташенов Ғ.Т., Ақсудың Абройлы азмаматтары бұрышы, көне заттар, киiмдер бұрышы құрылған.