«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Жүргізуші:

Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілуге дайын. Ендеше «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:

Жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендише 1 және 5 сынып оқушылары ант беруге дайын!

(«Жас ұланның», 1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні

Мен, ____________________________Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным — Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!

Барлық оқушылар Хормен:

«Біз»

Оқушылар: «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

«Ұранымыз»

Оқушылар: «Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» — 3 рет қайталайды

Жүргізуші:

Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.

(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)

Жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының
есебі

30 қараша күні Ақсу негізгі мектебінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. «Жас Қыран» ұйымына 1 сынып оқушылары Кәкім Аружан мен Сағынышұлы Ералы, ал «Жас Ұлан» ұйымына 5 сынып оқушылары Мусин Жандос, Мусина Гауһар және Усипбеков Алтынбек қабылданды. Оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылдану үші ант тапсырды.

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Өткізген: Канапин Д.А.

Дата публикации: 26.12.2018