- Мектеп тарихы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Оқу бөлімі
- Жетістіктер
- Тәрбие жұмысы
- Біртұтас тәрбие
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- Даналық мектебі
- "Айгөлек" шағын орталығы
- Консультациялық пункт
- Кітапхана
- Сенім жәшігі
Әдеби сазды кеш
Өткізген: Какжанова Ж.А
Мусина Л.З
Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы бар, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету және тарихымызды таныту.
1 жүргізуші:
Қазақстан, көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдіейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Халқымыздың азаттық жолында сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пещенесіне талайлы тағдыр батпандап, қайғымен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін ақтық бұлқынысы Желтоқсан жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды «Отаным, елім, жұртым» деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — Тәуелсіз Қазақстан!
2 жүргізуші:
Тәуелсіз елдің тілегі — бейбітшілік, тыныштық, Келешегі — білімді ұрпақ. Тәуелсіздік — келешегі қанға бөккен боздақтардың рухы әрі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат — мұраты еді.
Егеменді ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егеменді» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Ендеше Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Біз бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 27-жылдығына арналған сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші:
Қазағымның бодан болмау арманы,
Ол көрмеген қиындығы қамалды.
Бүгін міне егеменді ел болып,
Есте болар Тәуелсіздік алғаны.
Тәуелсіздікке арнау» өлеңін қабыл алыңыздар.
Дина:
Егемен елім ер жетті,
Армысың, абзал ағайын!
Жаһандық жойқын ерлермен
Тарихқа келген ғажайып.
Күркіреп күміс өзендер,
Бұлқынып бұрым өрмес пе!
Келмеске кеткен кезеңдер
Күңіреніп бүгін келді еске.
Ақ түйе қарнын жарайық,
27-жаста елім бар.
Шаттанып шапан жабайық,
Кесапат кезең келмеске.
Қараңдар, ойхой, жеріме,
Жалықпай жырау жырлардай.
Асау да асау белімде
Береке, бірлік тұнғандай!
Көнеден атам көк түрік
Сайраған тарих — жолдарым.
Аңыз ғып айтар төктіріп,
Куәм — жер, аспан, жондарым!
Сарнатып Қорқыт қобызын,
Асанқайғы жортқан жер.
Абыздың таңдап аңызын,
Батырлар небір жортқан жер.
Армандап боздақ аһ ұрып,
Айқасқа қаны бөккен жер.
Хан Кене ашу шықырып,
Махамбет шерін төккен жер.
Құрманғазы сарындап,
Ыбырай мектпе ашқан жер.
Амангелді арындап,
Сұқ көздер бұғып сасқан жер.
Талқан боп тәж бен тағы да,
Қызыл дерт мәңгі құлады.
Атойлап атқан таңының,
Азаттық болып ұраны.
2 жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» — деп Абай айтқандай «Атамекен» әні орындалады. Хор
1 жүргізуші: Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты. Ол көтерілістер 1916 жылғы ұлы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз!Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ!» дейді дана халқымыз. Ендеше «Тарих өткелдері» тақырыбындағы көрінісімізді тамашалаңыздар!
Көрініс.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел — жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді.
Көш келе жатыр. Әбден арып шаршаған адамдар.
Көштің басшысы: Біраз тынығып демалайық, жол жүргенімізге қанша күн болса да асқанымыз — бір-ақ асу. «Уһілеп» біреулері қос тігуде, біреулері көрінген жерге қисая кетуде. Бәрінің жүзінде үрей, қорқыныш, ыза — күйік бар.
Ақсақал: (күңірене сөз бастады): О қасірет, қасірет! Шынымен-ақ сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп... әлде сұм тағдырымыздың жазғаны ма? Көрсетпеген нең қалып еді тағы да?!
Бәйбіше: Қой отағасы-ау, «Басқа түссе бапақшыл» деген, тағдырдың салғанына көнеміз — дағы. Әбден азып — тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде. Жасыма! Жігерленген, отағасы!
(Енді сахнаға қыз шығады)
Қыз: Самал жел, неге сонша ызғарлысың? Нәресте кезімде сен емес пе едің осы ызаңмен уатқан. Ол кезде тым нәзік, есер едің... Шынары биік Қаратау, неге үндемейсің? Әлде мына менен шошынып тұрмысың? Іштей күңіреніп, іштей түңіліп тұрмысың? Кең сары далам, қос жанардан қан ағызып кетіп барам. Мына өмірден баз кешіп, налып барам, қимастықпен жаутаңдап қарайлаймын, бел арқада барады қалып далам. Жасаған, кеше гөр, албырт пәк перзетіңді, сені тастап кетіп барам...
(Көш жүруге қамданып, тігілген қостарын жығып, буылған төсек — жабдықтарын арқалап, сахнадан «Елім-ай» әнімен шығып кетеді.)
2 жүргізуші: Қазақ елінің жеткен жетістіктері (бейнефильм көрсетіледі)
Назира: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері —дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» (Қ. Нұртас) 6-сынып
Нұрсұлтан: Желтоқсан — заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан — Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Айғаным: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Айнұр: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным — бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Гаухар: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Дамира: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Би: Қамажай» 6-сынып
Нариман: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Мирас: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
Жандос: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің
Ән: «Жүрегәң Қазақ» ұлдар
2 жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27-жылдығына арналған «Тербет елді,Тәуелсіздік ұраны» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!»
атты әдеби сазды кештің
есебі
Ақсу негізгі мектебінде 14.12.2018 жылы «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!» атты әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы бар, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету және тарихымызды таныту. Әдеби сазды кешке 5-9 сынып оқушылары қатысып Қазақстан Тәуелсіздігі туралы өлеңдер айтылып, «Елім-ай» көрінісін тамашалап, «Қазақстанның ертеңгі күні мен бүгінгі күні» атты бейнефильм көрсетілді.
Өткізген: Какжанова Ж.А.