- Мектеп тарихы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Оқу бөлімі
- Жетістіктер
- Тәрбие жұмысы
- Біртұтас тәрбие
- Жазғы лагерь
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- Даналық мектебі
- "Айгөлек" шағын орталығы
- Консультациялық пункт
- Кітапхана
- Сенім жәшігі
Ақсу негізгі мектебінде «Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның есебі
25 мамыр күні «Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиын өтті. Шара барысында мектеп директоры Нургалиева Жамиля Есімқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есимсеитова Лаззат Саттарқызы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, мектеп бітірушілерге алдағы келе жатқан емтиханнан жоғары нәтижелерге қол жеткізуге сәттілік тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен «Жыл оқушысы-2019» диплом, мақтау қағаздары табыс етті. 9 сынып жетекшісі Канапин Даулет Абайұлы түлектерге құттықтау сөз айтып, ақ жол тіледі.
Мектеп түлектері «Ұстазым», «Мектебім», «Қош бол мектебім» әндерін айтса, ал 5-7 сыныптың қыздары түлектерге арнап би биледі. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен, «Мектептегі вальс» мереке сәнін кіргізді. Мектеп бітіруші түлектерге 4 - сынып оқушысы Серкиш Асылай сәт сапар тілеп, өлең, тақпақғын оқыды. Түлектердің алтын кілтін, 9 сынып түлекгі Балгожин Диас және қабылдау үшін 8 сынып оқушысы Қабиболла Мирас жас түлектерімізге өздерінің жылы лебізін арнады. Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 9- сынып оқушылары Какимова Елдана мен Канапина Мерруерт және 1-сынып оқушысы Кәкім Аружан мен Сағынышұлы Ералы соқты. Жиын соңында түлектер ескерткішке барып шырша ағашын отырғызды. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.
Өткізген: Канапин Д.А.
Кусаинова С.Б.
«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиын
I - жүргізуші: Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! 9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – «Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
ІI - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
I - жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар алдарыңыдамектебіміздің спорт шебері Молгождаров Думан Муратұлы, салмақты да, сүйкімді қызымыз Какимова Елдана Дауренқызы, сабырлы, келбетті қызымыз Канапина Меруерт Абайқызы, мектебіміздің қара домалақ баласы Балгожин Диас Жұмабекұлы, мектебіміздің еркесі Абиев Расул Маратұлы. (Музыка әуенімен бітіруші түлектер шығып орындарына тұрады)
ІI – жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
І – жүргізуші: Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.
ІI - жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
(ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады)
I - жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
ІI – жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 5 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
I – жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
ІI - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық. Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 9 сынып жетекшісі: Канапин Даулет Абайұлын қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка әуені)
I – жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
IІ – жүргізуші: Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Нургалиева Жамиля Есімқызына беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)
I - жүргізуші:
Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- дей отырып бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі қонақтарда.
ІI - жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Осы бір мектебі үшін жанын салған,
Сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есімсеитова Лаззат Саттарқызына беріледі.
І - жүргізуші:
Жайнаса бал-бұл бүлдіршін
Бір сынып тағы өрнеген
Түлектер тұйық, кім білсін
Сезім бе қимас кернеген
Мерейлі топтан алқалы
Сыр тартып бір көрейік
Сөз кезегін, ал қане
Асылайға берейік
Құттықтау кезегі Призер Междунородного конкурса «Пони» жүлдегері 4 сынып оқушысы Серкиш Асылай Арыстанқызына беріледі.
Асылай тақпақ
Асылайдың орындауында «Жайна мектебім»
ІI – жүргізуші: Келесі кезекте мектебіміздің түлектеріне арналған би. Қабыл алыңыздар!
Би: Қыздар
I – жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
Думан:- Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Елдана: Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да жақсыға пана болған.
Меруерт: Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан.
Хор: «Мектебім» әні. Орындайтындар бітіруші түлектер.
ІI - жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Мектептің кілтін келесі 8 сынып оқушыларына аманат етіп табыстау рәсімі.
І - жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 9 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар.
ІI - жүргізуші: Мектепте 9 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!
Диас:-Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Елдана:- Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп.
Құшақ жая алады күнде алдан.
Меруерт: Кесірге тежеу беретін
Ойынның шексіз өрісі,
Қатаң да әділ төреші
Ұрыспай айтқан ақылын
Ұстазым-қамқор ақылшым.
Бәрі: Мың алғыс, сізге түлектен!
Мың алғыс отты жүректен!
Мектеп бітіруші түлектердің орындауында ән «Ұстазым».
(9 сынып түлектерінің соңғы вальсы)
I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан____________________________ беріледі.
ІI – жүргізуші:
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! (Шашу шашылады)
Музыка әуені. (Көгершіндер ұшырылып, шар көкке жіберіледі, Ұстаздар мен қонақтарға гүл шоғын ұсыну..)
I - жүргізуші:
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
ІI – жүргізуші.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін
I – жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметін 1 және 9 сыныптың үздік оқушысыларына беріледі. (Қоңырау соғу сәті)
ІI – жүргізуші: Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір - біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір - біріңе сүйеу болып демеңдер.
І – жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей отыра түлектердің орындауында ән «Қош бол мектебім»
ІI - жүргізуші: Құрметті мектеп оқушылары! ҚР мемлекеттік Туы еңгізілсін!
I – жүргізуші: Мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге 5 түлек жолдама алды: 5 арман, 5 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
ІI - жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! Ақсу негізгі мектебінің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!
I – жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!