«Нұрлы болашақ» акциясы

1 маусым балаларды қорғау күніне арнап жалпы Қазақстандық

 «Нұрлы болашақ» акциясы аясында

Ақсу негізгі мектебінде «Біз –баламыз, біз- тұлғамыз»

атты сайыс есебі

      16 мамыр күні 1 маусым балаларды қорғау күніне арнап жалпы Қазақстандық «Нұрлы болашақ» акциясы аясында Ақсу негізгі мектебінде  «Біз –баламыз, біз- тұлғамыз» атты сайыс негізінде  «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат ойыны.

өткізілді.Дебаттың мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту. Екі топқа бөлінді «Ақиқат», «Парасат»

Сайыс дебат түрінде екі топқа бөлініп ұйымдастырылды. Ортаға  «Жастарда патриоттық рух бар ма » деген тақырып тасталып , талқыланды. Пікірталаста   сөз байлығы көп, талқылауы жақсы «Ақиқат» жеңіп шықты.

123

ТЖО : Абишева А.К

Дата публикации: 01.06.2019