Қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақ тәрбиесінен басталады!

#ҚауіпсізҚоғам #ДіниЭкстремизмніңАлдынАлу
#Заңжәнетәртіп
#Балақаәіпсіздігі
Ақсу негізгі мектебінде педагогикалық ұжымға кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризм идеяларына қызығушылық танытудың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың Типтік алгоритмінің негізгі ережелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында педагогтерге жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, күмәнді ақпараттық ықпалдардың алдын алу, діни экстремизм мен терроризм белгілерін ерте анықтау және тиісті мекемелермен өзара әрекеттесу тәртібі туралы ақпарат берілді.
Кездесудің басты мақсаты – педагогтердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында теріс діни идеологияның таралуына жол бермеу.
Қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақ тәрбиесінен басталады!

Дата публикации: 09.11.2026