«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
(салтанатты жиын)

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

1 жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

(Гимн)

Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Нургалиева Жамиля Есимовнаға беріледі.

2 жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан Республикасының Елбасы күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

1 жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендеше 1 және 5 сынып оқушылары ант беруге дайын!

(«Жас ұланның», 1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)

2 жүргізуші:

Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.

(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)

1 жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.

2 жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып — өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

1 жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

2 жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу — маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

1 жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады.

2 жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» — деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына.

1 жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Ұлдардың орындауында «Мен Қазақ» әнін қабыл алыңыздар

2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Оқушыларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар. 
1-оқушы Мирас
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан
2 — оқушы Дина
3 — оқушы Нариман

2 жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Келесі кезекте қыздардың орындауында «Қазақ биі» қабыл алыңыздар

1 жүргізуші:

Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу-ақ
Ол — біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
2 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

1 жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.

2 жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен. 

1-оқушы Алтынбек

2-оқушы Айнұр

Кемуді білмес кенішті өңір,
Құрсағы құтты сахара демін
Перзенті болат, қорғасын, көмір
Қазақстан республикам менің!

3-оқушы Назира

4-оқушы Жандос

1 жүргізуші: Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! — дей келе орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар
1 жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ — болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Ақсу негізгі мектебінде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынның
есебі

30 қараша күні Ақсу негізгі мектебінде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиын өтті. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Елбасы күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналды.

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Өткізген: Кусайнова С.Б.

Дата публикации: 26.12.2018