Білгірлер сайысы

#біртұтас_тәрбие
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында 5-9 сынып оқушылары арасында “Білгірлер сайысы” өткізілді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, 6 сайыс бойынша өздерінің білімдерін көрсетіп, белсене қатысты.
Сайыстың мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту – ойлау, шешендік, логикалық ойды дамытуға жағдай жасау.

Білім деңгейін тексеру және жетілдіру – қазақ тілі грамматикасы, сөз байлығы, тілдік нормалар бойынша білімін сынау.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау – тілді меңгеру арқылы ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу.
Сайыс нәтежиесі бойынша білгірлер тобы 1-орын алып, балалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

  

  

Дата публикации: 18.04.2025