- Мектеп тарихы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Оқу бөлімі
- Жетістіктер
- Тәрбие жұмысы
- Біртұтас тәрбие
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- Даналық мектебі
- "Айгөлек" шағын орталығы
- Консультациялық пункт
- Кітапхана
- Сенім жәшігі
20 наурыз күні бастауыш сыныптарында «Қош келдің, Наурыз!» сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында бастауыш сынып оқушыларына Наурыз туралы баяндама оқылды. Салт – дәстүрлер, әдеп ғұрыптар туралы айтылды.
20 наурыз күні мектепте «Жыл басы — Наурыз » атты
Мерекелік сазды әдеби — музыкалық кеш өткізілді
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с
«Жыл басы — Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.
Сайыс жоспары :
- Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым — тыйымдары туралы түсінік беру сайысы.
- Халық әндерімен билерін тамашалау сайысы
- Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
- Ұлттық ойындардан көрініс (кіртас көтеру, аударыспақ ойнау )
- Наурыз көже ішуден сайыстар.
- «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( Әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді. )
- Көрініс көрсету сайысы.
- Ұлттық бұрыш сайысы.
16.03.2018 ж. Ақсу негізгі мектебінде «Наурызым-дәстүрім» атты көрме өткізілді.Көрмеге 5-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген — түйгендерін толықтыру. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрі туралы түсіндіру және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласында кигіз үйлер тігіліп , ұлттық ойындар ойнатылып , наурыз көже таратылып, тағы басқа салт-дәстүрлері жалғасып келе жатқаның түсінді, сұрақтар қойылып жауап берілді.
16 наурыз күні 5-9 сыныптар аралығында «Қазақ халқының салт-дәстүрі» атты викториналық сұрақтар сайысы өткізілді. Сайыс басында тарих пәні мұғалімі Жанар Амангельдиновна оқушыларға ойын шартымен таныстырды.
Бірінші айналымда әр сынып оқушыларына сұрақтар қойылып, сұраққа жауап берген оқушылар ортаға шақырылады. Бір сыныптан екі оқушыдан шықты.
Екінші айналымда оқушыларға сұрақ қойылыды, сұраққа жауап бере алмаған оқушының ұпайы жауап берген оқушыға берілді. Сайыс соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылды.
Соңғы үшінші айналымда соңғы торт оқушыға сұрақтар қойылып алған ұпайларына қарай орын алады. Сыйлықтар тапсырылады.
«Айгөлек» шағын орталығында өткізілген Наурыз мерекесіне ұстаздар, ата-аналар қатысты. Балаларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау туралы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету, балаларға патриоттық тәрбие беру. Наурыз көжеден келген қонақтарға дәм татылды.
17 наурыз күні оқушылар арасында спорттық сайыстар өткізілді. 5-9 сынып оқушылары мини футбол, шаңғыдан жарысты.