- Мектеп тарихы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Оқу бөлімі
- Жетістіктер
- Тәрбие жұмысы
- Біртұтас тәрбие
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- Даналық мектебі
- "Айгөлек" шағын орталығы
- Консультациялық пункт
- Кітапхана
- Сенім жәшігі
ЖОСПАРЫ
№ |
Тақырыбы |
Өткізілетін түрі |
Мерзімі |
Жауапты адам |
1 |
Солтүстігім — бай өлкем |
Тәрбие сағаты 5-9 сынып |
26.03 |
Какжанова Ж.А Канапин Ж.А |
2 |
Туған өлкем-қандай көркем |
Көрме 1-9 сынып |
26.03 |
Кітапханашы Смаилова А.Е Кокашева А.Е |
3 |
«Баскетболдан» жарыс |
Жарыс, ауыл жастары-оқушылар 7-9 сынып |
27.03 |
Қарабев С.Ж Ақпаев Н.Е Канапин Д.А |
4 |
Ұлы дала дәстүрі |
Сурет сайысы |
28.03 |
Бастауыш сынып жетекшілері Ракишева А.Е |
5 |
Ертегілер елі |
кітапханаға саяхат |
28.03 |
Бастауыш сынып жетекшілері Кусаинова С.Б |
6 |
Салауатты өмір салтын сақтайық |
Әңгіме |
29.03 |
Канапин Ж.А |
7 |
«Футзал» ойындары |
Сайыс 5-9 сыныптар |
30.03 |
Қарабев С.Ж Ақпаев Н.Е |
8 |
Жан сақтау әліппесі (Судан, өрттен сақтану) |
Сынып сағаттары 1-9 сын |
28.03 |
Сынып жетекшілері |
9 |
«Жас ұлан» тобының қарттарға қөмегі |
8-9 сын |
30 |
Жилкайдарова Г.Т |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абишева А.К
Ақсу негізгі мектебінде 2017-2018 жылдың көктемгі демалыс кезінде оқушылармен жүргізілетін іс-шаралар есебі
26 наурыз күні «Солтүстігім — бай өлкем» тақырыбында тәрбие сағаты 9- сынып оқушыларымен өткізілді.
Сынып сағатында Солтүстік Қазақстан облысы – қазақстан құрамында 14 облыстың біреуі, облыс халқы 597 мың тұрғынды құрайды. Солтүстік Қазақстан мемлекетіміздің негізгі егіншілік ауданы. Ауданда жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі. Аудан аймағы пайдалы қазбалар мен энергетика ресурстарына бай өлке екендігі жайлы оқушыларға мәлеметтер жеткізілді.
26 наурыз күні мектеп кітапханасында 1-9 сынып оқушыларына арналған «Туған өлкем — қандай көркем» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты, оқушыларды өздері мекен ететін жерді, оның табиғатын қорғауға, ауылдың, Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін түсіндіру. Туған жерін қадірлеуге дәріптеу.
Бұл көрмеге отандық жазушылардың туған жер, отан туралы жазған шығармалары қойылды. Сонымен қатар көптеген кітаптар көрмеге қойылды. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптармен танысып, ақын-жазушылардың шығармаларын оқыды.
27-30 наурыз күндері ауыл жастары мен оқушылар арасында баскетболдан және футзалдан жарыс ұйымдастырыды. Мақсаты салауатты өмір салтын сақтау , бос уақыттарын спортқа жұмсау.
28 наурыз күні бастауыш сынып оқушыларының арасында «Ұлы дала дәстүрі» атты суреттер сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өз елінің дәстүрімен таныстыру. Қазақ халқының дәстүрлерінің ерекшеліктерін білу және ұстану.
Сайысқа қатысқан оқушылар жандарына жақын, өздері өмірде ұстанатын дәстүр түрін салған. Ер балалардың көбі «Тоқымқағар», «Атқа отырғызу» дәстүріне қатысты сурет салса, қыз балалардың таңдауы әртүрлі болып шықты.
Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, нәтижесі шығарылды.
28 наурыз күні бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер елінде» атты кітапханаға саяхат жасалды. Кітапханада оқушыларға ертегі кітаптарымен танысып, әр түрлі ұлтардан аударылған ертегілер оқылды. Авторларымен таныстырылды.
Мақсаты : демалыс кезінде оқушыларға кітап оқуға қызығушылықтарын оятып, ізденушілікке ынталандыру.
28 наурыз күні 1-4 сынып ақушыларымен «Жан сақтау әліппесі» атты сынып ағаты өтті.
Мақсаты, оқушыларға судың, өрттің қауіпі жөнінде түсіндіру. Өздерін өзен-көлдерден алшақ болуын үйрету. Мұз үстінде ойнаудың қауіпі зор екендігін саналарына сіңіру.
1- сынып оқушыларына баяндама оқылып, өздерін қауіп-қатарден аман алып қалу мақсатында қандай әрекеттер жасау керек екендігі туралы айтылды. Сонымен қатар өрт шығармау керек, оттан алыс жүру керек екендігін түсіндірілді.
Өзен-көлдердің жанына көктемгі уақытта бармаулары керек, тек үлкен кісілермен бірге барулары керек екендігі туралы түсіндірілді.
«Жас ұлан» тобы жалғыз басты қарттарға көктемгі демалыста көмек көрсетті ,қыздар Зайкен апайдың үйін жинастырды .Ұлдар есік алдын жинастыруға көмектесті.Мақсаты еңбек тәрбиесіне, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Абишева А.К