"Білімім-Отаныма" сынып сағаты

#біртұтастәрбие

#копдмонрк

Ақсу негізгі мектебінде 24.05.2024 жылы 7- сынып оқушыларына "Білімім-Отаныма" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
Сынып сағаты мемлекеттік әнұранды айтудан басталып, КР Оку-агарту министрі Ғани
Бейсембаевтын оқу жылының,аяқталуына
арналған кұттықтау бейнеролигі көрсетілді. Оқушыларды жылдың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі де өтті.

Жетекшісі : Досмагулова Аида

  

  

Дата публикации: 24.05.2024