АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

🕯️Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған аудандық іс-шара жоспарының тармақтарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айының 14-і күні "АУҒАН АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР" тақырыбында ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті.
Кешке Есимсеитов Ғабит аға шақырылды.
🕯️Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру.

🕯️Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан, мектебіміздің түлегі, Ауған соғысы ардагері АХМЕТОВ БЕКТҰРСЫН ағай қатысты.

🕯️Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

#біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ауғансоғысы
#кездесу

  

Дата публикации: 14.02.2025