- Мектеп тарихы
- Оқу бөлімі
- Кітапхана
- Шағын орталығы
- Мектеп құжаттары
- Мемлекеттік қызметтер
- Ашық бюджеттер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ
- Қамқоршылық кеңесi
- Жетістіктер
- Рухани Жаңғыру
- Сенім жәшігі
- Біртұтас тәрбие жұмысы
- Мектеп Парламенті
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Ақсу негiзгi мектебiнде өткiзiлетiн «Рухани жаңғыру» 2021-2022 оқу жылындағы өткiзiлген iс-шараларының есебi
15 наурыз күні Ақсу негізгі мектебінде Наурыз мейрамы апталығының ашылуы өтті. Ежелгі заманнан бері шығыс халықтарында Наурыз меерекесі бар. Бұл мерекенің мәні – адамның табиғатпен бірлігінде. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен күні тойланады. Күн мен түн теңеседі, 21 наурыздан 22 наурызға дейін. Осы уақыттан бастап күндер ұзарып, түндер қысқарады. Адамдар бұл мерекеге алдын - ала дайындалады. Тұрғын үйді, айналаны тазалау жүргізілді. Мереке сәлемдесуден басталды! Таңертең балаларды, ата-аналарды және әріптестерді тамаша музыка мен дастархан қарсы алды! Күні бойы балалар киіз үйлерді бояп, би билеп, ұлттық ойындар ойнады!
Рухани жаңғыру аясында 23 ақпан күні Совет армиясының қатарында болған Ауған соғысының ардагері Ғабит ағамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ағамыздың балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейін өміріне шолу жасалды. Ғабит аға Ауған соғысы жайлы қысқаша балаларға айтып өтті.Кездесу соңында оқушылар жылы лебіздерін білдірді.
"Шахмат" турнирі
Ақсу негізгі мектебінде 19 қаңтар күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, бәсекеге қабілетті бағдарлама бағыты бойынша «Шахмат» турнирі ұйымдастырылды. Балаларға шахматтың шығу тарихы мен жүріс түрлері таныстырылды. Шахмат – ақыл ой спорт түрі.
Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, сыныпта жұппен ойналатын ойын өте қызықты өткізілді. Балалар ойынға қызыға қарап, қайта өайта ойнады. Жеңімпаз болған 7 сынып оқушысы Марат Аяулым марапатталды.
Бiлiм күнiне арналған мерекелiк қойылым, сынып сағаты «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ», бейнефильм қарау «Болашаққа бағдар».
1-қыркүйек күнi Ақсу негiзгi мектебiнде мерекелiк iс-шара өткiзiлдi. Iс-шараға мектеп ұжымы, ата-аналар, қонақтар, оқушылар қатысты. Мерекелiк iс-шараны ҚР мемлекеттiк әнұранын орындаудан басталды.
Мектеп директоры Нұрғалиева Ж.Е. құттықтау сөз айтып, кейiн оқу iсiнiң меңгерушiсi Есемсеитова Л.С. оқу жылы қарсаңындағы бұйрықпен таныстырды. Әрi қарай мектеп түлектерi өлең жолдарын оқып, келесi сөз кезегi 1 сынып оқушыларына берiлдi. Жас түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларға арнап 3 сынып оқушылары ән жолдады.
Iс-шараға келiп отырған ардагер-ұстаздар өз баталарын бердi, сол кiсiлердiң құрметiне 6 сынып оқушылары би биледi. Iс-шараның соңында ата-аналар өз лебiздерiн бiлдiрдi. Iс-шара бiрегей сынып сағатымен аяқталды.
2-3 сынып оқушыларымен «Тектi бiлу тегiн емес» атты сынып сағаты өткiзiлдi. Сабақтың мақсаты, «Сыйластық», «туыстық» адамгершiлiк құндылықтары туралы түсiнiктерiн кеңейту, отбасын қадiрлеу. Сабақтың мiндеттерi, ата тегi, жетi ата туралы түсiнiк беру, ата тегiн бiлуге деген қызығушылықтарын арттыру, ата тегiн қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларға түрлi сұрақтар қойылды. Көрсетiлген көрнекiлiктермен жұмыс жасалып, талқыланды. Нақыл сөздердiң мән-мағынасын ашты. Ата-бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етiп өсiрудi мақсат еттi. Ұрпақтары әдептi де iзеттi, бәрiн ақылға салып шешетiн болса, өмiрде бақытты болатынына сендi.
29 қараша күнi бастауыш сынып оқушыларымен «Менiң елiм — Менiң Қазақстаным» атты патироттық әндерге музыкалық сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты оқушыларды өз отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Өз елiн мақтан тұтуға дәрiптеу. Бiлiмiн жетiлдiрiп, ақын-жазушылардың елi, жерi туралы жазған өлеңдерiн насихаттап, бiлiмге деген құштарлығын ояту.
Сайысқа Бейсембаева А., Жаңбырбай Е., Қабиден Р., Балгожина Д. және Қайрат Ә. қатысты. Оқушылар өздерi ұнатқан өлең жолдарын жаттап, мәнерлеп айтып бердi. Тәуелсiз елiмiзге деген құрметтерiн, махаббаттарын өлең жолдарымен бiлдiрдi. Қабиден Райхан мен Қайрат Әдия бас жүлде, Бейсембаева Ажар екiншi орын, Жаңбырбай Ерасыл мен Балгожина Дильназ үшiншi орын иегерлерi болды.
Биология мен химия пәнiнiң ардагер ұстазы Есимсеитова Л.С. арналған «Ұстаздар — келешек ұрпақтың панасы» атты кеш ұйымдастырылды.
Басты мақсат — табиғи дарыны мен ерен еңбегiнiң арқасында кәсiби бiлiктiлiкке қол жеткiзген тұлғаның игi қасиеттерiн көпке үлгi ету, жұртқа беймәлiм қырларын таныту. Қарттарға құрмет көрсету және ұстаздардың еңбегiн бағалай бiлуге тәрбиелеу.
Кеш қонақтарына арнап ән айтып, би де билендi. Ардагер ұстазы Есимсеитова Л.С өмiр дерегiне арналған слайд жасалып көрсетiлдi. Оқушылар сомдаған көңiлдi қойылымдар қонақтардың көңiлiнен шығып ризашылықтарын бiлдiрдi.
Б. Майлинiң 125 жыл толуына орай 13 қараша күнi мектепте мектеп оқушыларының қаты суымен «Халықтан туған дарын» атты танысу сағаты өттi. Шара барысында кiтапханашы Мусина Л.З. өнерге құмар, өлеңге әуес бала Бейiмбет, бiлiм қуған Бейiмбет, қаламгер Бейiмбет, еңбек жолы, Майлин — драматург және киносценариншi, жарық көрген кiтаптары, аудармашылығы, қолда жоқ шығармалары, дүниеден өтудi және жазушы мұрасын жаңғырту туралы қысқаша баяндап бердi. Ал қазақ тiлi мұғалiмi Әбiшева А.Қ. Б. Майлин — қазақ әңгiмесiнiң қос шеберi атап айтсақ «Шала сауаттылар үшiн оқу кiтабы», «Күш», «Жаңаша оқы, жаз» және С. Сейфулинмен, И. Жансүгiров, Ғ. Мусiрепов секiлдi авторлармен бiрiгiп жазған еңбектерi, шағын өлеңдерi, қысқа әңгiмелерi жетiп артылады дедi. Iс-шара барысында 8 сынып оқушылары Балгожина Дина мен Қабиден Айнұр Б. Майлиннiң «Шұғаның белгiсi» атты романын қысқаша мазмұндап бердi. Аталмыш шарада «Ұмытылмас есiм» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Сөреге Б. Майлиннiң шығармалары қойылды.
«Қазақстан Республикасының атаулы күндерi» татты викториналық сайыс 5-9 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылаға патриоттық тәрбие беру, есте сақтау қабiлеттерiн шыңдау. Оқушылар екi топқа бөлiнiп берiлген сұрақтарға мүдiрмей бердi.
Ақсу негiзгi мектебiнде 25.11.2019 ж. «Ел таңдаған — Елбасы» зияткерлiк ойыны 5-9 сынып оқушыларының арасында өткiзiлдi. Оқушылар екi топқа бөлiнiп жарысты. Ойын төрт кезеңге бөлiндi. Бәйге, Ойлан тап, Көкпар, Мақал — мәтелдер жарысы кезеңдерiнен өттi. Жеңiмпаздарға марапаттау қағаздары берiлдi.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ел басы Н.Ә. Назарбаев туралы оқушылардың мектепте меңгерген бiлiм деңгейiн анықтау, ойлау қабiлеттерiн дамыту, сөйлеу мәдениетiн, жан-жақты ой өрiсiн жетiлдiру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiн өркендетуге, Тәуелсiздiгiмiздiң шексiз, мәңгi болуына адал қызмет ететiн бiлiмдi де жан-жақты дамыған, интеллектi жоғары, батыл тектi, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елiнiң тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
09.12.2019 аудандық өлкетану мұражайына саяхат жасалды. Мақсаты: балаларды өлкенiң тарихын, дәстүрiн, естелiктерiн, дүниетанымын қастерлеу. Мұражай қызметкерi түрлi экспонаттар жөнiнде ақпарат бердi.
15 желтоқсан күнi «Егемендiкке 28 жыл» атты ауызша журналда Қазақстан тәуелсiздiк жылдарындағы өмiр дерегi көрсетiлiп айтылды. Атаулы жылдар, 100 жаңа есiм, экономика дамуы, геграфиясы, тарихы, салт-дәстүрi, рухани дамуы жайында ақпаратты пән мұғалiмдерi баяндады, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
5-9 сынып оқушларымен «Астанаға саяхат» виртуалды саяхат жасады. Мақсаты: Елорда туралы түсiнiктерiн кеңейту, мәтiнмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру. Өз елiне,жерiне деген мақтаныш сезiмiне тәрбиелеу, абiр — бiрiне сыйластық сезiмдерiн тереңдету. Оқушылардың қисынды ойлау қабiлетiн кеңейту, сөздiк қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру.
***
Ақсу негiзгi мектебiнде көпшiлiкке өткетану бағытын таныстыру мақсатында «Рухани жаңғыру» аясында кiтапханада 11 қазанда Ж. Сүлейменовтың 70 жас мерейтойына орай «Менiң отаным — менiң Қазақстаным» атты өлкетану сағаты, көрме өттi. Iс-шараға 9-сынып оқушысы мен қазақ тiлi пәнi мұғалiмi Абишева А.К. қатысты.
Iс шара барысында кiтапханашы Мусина Ляйля Зекеновна Ж. Сүлейменов 1949 жылы 9 шiлдеде СҚО, Шал ақын ауданында қарасты Балуан ауылында туған. Еңбек жолын туған ауылында шопандықтан бастаған. 1987 жылдан бастапСҚО радиосында, Солтүстiк Қазақстан газетiнде қызмет жасаған. 2003 жылдан СҚО газетiнiң бас редактор қызметiн атқарған. 2007 жылдан парламент Мәжiлiсi депутаты болған. Шығармалары Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде, «Жалын», «Жаңа Сарыарқа» журналдарында жарияланған. «Көмескi iз», «Еменнiң иiр бұтағы» т.б. кiтаптарының авторы.
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерi, екiншi дәрежелi, «Достық орденiмен» марапатталған. СҚО құрметтi атағы берiлген, хоббиi — стол үстi теннисi, сүйiп оқитын әдебиетi — тарихи әдебиет деп атап өттi. Сондай-ақ «Жерлес жазушы Ж.Сүлейменов» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының «Көмескi iз», «Еменнiң иiр бұтағы» атты кiтаптары қойылды. Жазушының «Көмескi iз» кiтабына құқық қорғау қызметкерлерiнiң шытырман оқиғаларға, қауiп-қатерге толы өмiрi арқау болған. Қоғамға кесел болып жабысқан қылмыстық оқиғалар баяндалады деп кiтапханашы қысқаша мәлiмет бердi.
Директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары: Абишева А.К.
***
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру бойынша Ақсу негiзгi мектебiнде қаңтар айында өткзiлетiн iс-шаралар есебi
«Таза ауада жарысамыз» спорттық жарыстар қаңтар айының 4-i күнi ұйымдастырылды. Мақсаты: таза ауада балалардың денсаулуғын жақсарту, шынықтыру
18.01.2019 ж. Ақсу негiзгi мектеп кiтапханасында «Батыр Баян» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың әдеби — теориялық бiлiмдерiн дамыту. Өз ойларын, көркем — әдеби тiлдi жеткiзе бiлуге дағдыландыру. Көрмеге 8-9 сынып оқушылары қатысты. «Батыр баян» поэмасымен қазақ тiл қазақ әдебиет мұғалiмi Абишева А.К және кiтапханашы Смайлова Ш.А. таныстырды. Бұл поэманың басты кейiпкерi Батыр Баянның тарихи-эпикалық сипатын таныту, сюжеттiк компазициялық құрлысына талдау жасап, тақырыбымен идеясын анықтау
«Бiздiң халқымыздың дәстүрлерi» атты iс-шараны17 қаңтар күнi «Айгөлек» шағын орталығы өткiздi. Мақсаты бүлдiршiндердi «Мың жыл дала фольклоры мен әуенiне» атты бағдарлама аясында дала дәстүрiмен, музыкалық аспаптарымен таныстыру, санасына енгiзу.
17 қаңтар күнi Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бастауыш сыныптарда «Менiң ауылым» атты фотосурет көрмесi ұйымдастырылды. Бұл көрмеге 1-4 сынып оқушылары қатысты. Өздерiнiң әртүрлi жыл мезгiлдерiнде түсiрiлген ауылдың түрлi фотосуреттерiн әкелдi. Фотосуреттердiң арасында мектеп алаңы, корт және томар маңайы да бар. Ұл балалардың фотосуреттерi Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерiмiзге қойылған естелiктiң және ауыл мешiтiнiң сетiмен ерекшелендi.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты «Қазақстан Республикасының атаулы күндерi» атты викториналық сұрақтар атты ойын сабағы 18 қаңтар күнi өткiзiлдi.
Мақсаты: сайыс арқылы оқушыларды мақал-мәтелдердi айта бiлуге,сұраққа тез жауап беруге үйрету, мақал-мәтел айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезiмiн, танымдық қабiлеттерiн, тiлiн, ойлау қабiлетiн дамыту. Ұлттық өнеге-мақал-мәтелдер арқылы адамгершiлiкке, адалдыққа, сүйiспеншiлiкке баулу, халқының адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрi; ойын, жарыс арқылы 5-9 сынып оқушыларын топқа бөлiп топтың аттары Тапқырлар мен Алғырлар деп аталды. Тапқырлар және Алғырлар тобы сұрақтарға, мақал-мәтелдерге жылдам жауап беру арқылы жеңiске бiрдей жеттi. Ортақ шешiм достық жеңдi.
Тәрбие iсiнiң орынбасары: Абишева А.К.
29.08. Педагогикалық кеңес №1. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тақыры бойынша өткізілетін жоспармен таныстырдық.
5.05.09 отбасының құндылықтары туралы «Ата-ананы құрметтеу — әрбір адамның қасиетті борышы» дөңгелек үстелді ата-аналармен бірге Ақпаев Н.Е өткізді.
7. 05.09 күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Карабаев С.Ж «Мен және менің отбасым» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Мектеп оқушылары 2 топқа бөлініп, әр түрлі жаттығулар көрсетіп, жарысты.
Шал ақын мен Қожаберген жырау мерейтойларына орай әдеби кітапханалық сабақтар өткіздік.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша мектеп түлектерінің көмегімен қазақ тілі кабинетіне 115000 ақша көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргіздік.
Тәрбие ісінің орынбасары: Абишева А.К
Ақсу негізгі мектебінде қазақ тілі мұғалімі мен әдебиеті мұғалімі Абишева А.К «Рухани жаңғыру – білім әлемінде» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен эссе жазғызды. мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту , жас ұрпақ санасына , туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру
Ақсу негізгі мектебінде 10 қараша күні 5-9 сынып оқушыларымен технология пәні мұғалімі Канапин Д.А «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие сағатын ұйымдастырып, құстарға ұя жасады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құстарға қамқорлық»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамыту. Негізінен қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу.
Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін ашу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Әсем құстармен таныстыру.
Табиғат - Ананы қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Ақсу негізгі мектебінде қазанның 13 күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен «Қазағымның салт-дәстүрін дәріптей білейік» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Абишева А.К жауапты болды. балалар өлең жырларын айтып, көрініс қойды, Қазақтың салт дәстүрлері
Мақсаты: Оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, үлкенді сыйлауға құрметтеуге, тәрбиелеу.
14 желтоқсан күні Ақсу негізгі мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 сыныппен 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсіміне ардагер ұстазымыз Жилкайдарова О.Ж және мектеп директоры Нургалиева Ж.Е және бастауыш сынып мұғалімі Смаилова Л.К қатысты.
Тәуелсіздік – берекенің бір басы,
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
Қазақстан сен бір елсің жаһанға,
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы, - дей келе оқушыларды құттықтап, берген анттарын бұлжытпай орындауларын талап етті.