"Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын

5 мамыр Ақсу негізгі мектебінде "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында мерекелік тізіліс болып, мектеп директорының орынбасары Абишева Айман Қасымқызы құттықтап сөз сөйледі. Тізілісте ҚР әнұраны орындалып, соғыста қаза болған Кеңес Одағының батырлары, сондай-ақ, ардагерлеріміздің аттары аталып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мерекелік тізіліс соңы патриоттық әндермен жалғасын тапты. Жиын барысында соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері айтылып, залға қойылған соғыс жәдігерлері оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Мектеп алдындағы обелиск маңы абаттандырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.

  

   

Дата публикации: 05.05.2023